Сандықтың Татьянаның үйіне қайдан пайда болғаны белгісіз.
Әйелдің айтуынша, сандықты оның арғы атасы соғыстан әкелген немесе соғыстан кейінгі кезеңде сатып алған. Ол шет елдерге іссапарға жиі шығып тұрған көрінеді.
Ресейдегі Louis Vuitton өкілдері Лондондағы фирманың штаб пәтерімен байланысқа шықты, олар әзірге сандықты сатып алатынын-алмайтынын шешкен жоқ, деп хабарлады Lenta.ru.
Louis Vuitton дизайнерлік үйінің негізі Францияда 1854 жылы қаланған. Компания киім-кешек, сөмке, өзге де түрлі бұйымдар шығарумен айналысады.