Қалааралық жолаушылар автобусының жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті
09:13, 24 Қараша 2009
АСТАНА. Қарашаның 24-і. ҚазАқпарат - Елорданың «Сарыарқа» ауданында «Скания» маркалы қалааралық автобустың жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті,
деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жол-көлік оқиғасы Республика және Бөгенбай батыр даңғылдарының қиылысында дүйсенбі күні сағат 20.06-да орын алды. 39 жастағы ер азамат оқиға орнында көз жұмды.