Қалааралық жолаушылар автобусының жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті

АСТАНА. Қарашаның 24-і. ҚазАқпарат - Елорданың «Сарыарқа» ауданында «Скания» маркалы қалааралық автобустың жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті,

деп    хабарлайды Төтенше жағдайлар  министрлігінің  баспасөз қызметінен.

Жол-көлік оқиғасы  Республика      және Бөгенбай батыр даңғылдарының  қиылысында  дүйсенбі күні сағат 20.06-да орын  алды.   39 жастағы    ер азамат    оқиға орнында көз жұмды.