«Кеше кешкісін біз мешітті бүлдіруге тырысқан адамдардың дабыр-дұбырын құлағымыз шалды. Таңертеңгісін мешітке олардың қандай зиян келтіргенін өз көзімізбен көруге келдік»,- деді жергілікті тұрғын Хтун Наинг Democratic Voice of Burma ақпарат көзіне берген сұхбатында.
Бұл оқиға дүйсенбі күні кешкісін орын алған. Буддашылар тобы айдың толғанын атап өту үшін жиналған екен. Олардың кейбіреуі Ислам ынтымақтастық ұйымы делегациясының (ИЫҰ) Мьянмаға келгеніне наразылық танытқан көрінеді. Артынан қатыгездікке бой алдырған олар жергілікті мешітті қиратуға кіріскен.
Сағат тілі кешкі 8-ге тақаған уақытта мешіттің мұнарасы қиратылып, сағат тілі 11-ге кеткенде ғибадат ғимаратынан түк қалмаған, деп хабарлады muslim.kz.