«Еуропа елдерінде велосипедке қатысты инфрақұрылымдар өте жақсы дамыған. Кейбір қалаларда тіпті орталық көшелердің бірінде жексенбі күндері көлік қозғалысы тоқтатылып, ол жүргіншілер жүретін көшеге және спорт алаңына айналдырылады. Мысалы, Колумбияның астанасы Богота қаласының орталық көшелерінің бірі - Амазония даңғылында жексенбі күндері көлік қозғалысы сап тыйылады. Содан адамдар таңертең сол көшеге шығып, бой жазып, дене шынықтыру жаттығуларын жасай бастайды. Біреулер жаяу серуен құрады, енді біреулер жүгіреді немесе велосипед тебеді. Басқалар өз аумағын белгілеп алып, әр түрлі ойындар ойнайды, би билеп, ән салады. Осылайша көше кешке дейін тұрғындардың қарауына беріледі»6 - деді М. Сағымбаев.
Оның айтуынша Алматыда да осы идеяны жүзеге асыруға әбден болады.
«Адамдарды құр сөзбен спортпен айналысуға мәжбүрлей алмайсың ғой. Сондықтан қаламызда жексенбі күндері спорттық мақсатта орталық көшелердің бірі тұрғындардың қарауына берілер болса, онда қаламызда саламатты өмір салтын ұстанушылар саны арта түсер еді. Бұл бұқаралық спорттың қарыштап дамуына септігін тигізеді. Өйткені адамдарға ақша төлеп алысқа бармай-ақ, есіктің алдындағы көшеге шығып-ақ қалағанынша бой жазу, көңіл көтеру өте тиімді»6 - деді М. Сағымбаев.