Қалалардың табиғатын қорғау қоғамы «улы» зауыттың құрылысына қарсы - Павлодар

None
ПАВЛОДАР. 5 ақпан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Олимп» ЖШС ұсынысымен Павлодардың солтүстік аумағында салынғалы отырған натрий цианиді зауытының құрылыс жобасы «Қалалардың табиғатын қорғау қоғамы» облыстық бірлестігінің алаңдаушылығын туғызып отыр.

Экологтар өздерінің баспасөз баяндарында, бұл болашақ кәсіпорынның өнімі - «күшті бейорганикалық улардың бірі екенін» ескертеді. «Павлодар онсыз да өнеркәсіп алпауыттарының зиянды қалдықтарына тұншығып отыр, қоршаған орта тағы бір лас өндіріске шыдай алмайды», - дейді экологтар.

Қоғамдық бірлестік ҚР Экологиялық кодексінің 57-бабы 3-тармағына сәйкес, зауыт құрылысының жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізуге шақырып отыр.

«Олимп» ЖШС-нің жобасы Павлодар облысының Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының үйлестіру кеңесіне таныстырылған болатын. 2013-2015 жылдары жүзеге асырылғалы отырған ол жобаның құны - 11,7 миллиард теңге. Натрий цианидін алтын өндіруші кәсіпорындар пайдаланады, ол өнім қазір бізге Ресей мен Қытайдан жеткізіліп отыр.