Қалалық жол инфрақұрылымына қойылатын жаңа бірыңғай норматив енгізілді

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ (ҚазжолҒЗИ) әзірлеген, республикалық маңызыбар қалалардың көше-жол желісі объектілерін күтіп-ұстауға, пайдалануға және жөндеуге қойылатын бірыңғай талаптарды белгілейтін ведомстволық норматив бекітілді. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті.

Фото: Көлік министрлігі

Құжаттажөндеуаралық мерзімдер, кепілдік мерзімдеріжәне қалалық жол инфрақұрылымын күтіп-ұстаутәртібі айқындалған. Оны енгізу жолдардыңсапасын арттыруға, қызмет ету мерзімінұзартуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осы уақытқа дейін қалалардың көше-жол желісіне қатысты жөндеуаралық мерзімдер мен кепілдік міндеттемелерін айқындайтын бірыңғай талаптар болмаған. Бұл көрсеткіштер әрбір шарт шеңберінде жеке белгіленіп, нысандарды қабылдау, оларды кейінгі пайдалану және анықталған ақауларды жою кезінде құқықтық әрі ұйымдастырушылық белгісіздіктерді туындататын.

Жаңа ведомстволық норматив алғаш рет республикалық маңызы бар қалалардың көше-жол желісі объектілерін күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу бойынша бірыңғай тәсілді бекітеді. Құжатта жол төсемінің жөндеуаралық қызмет ету мерзімдеріне, кепілдік кезеңдеріне, жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарына қойылатын міндетті талаптар белгіленіп, сондай-ақ қалалық жол инфрақұрылымын күтіп ұстау тәртібі регламенттелген.

— Бұл нормативті әзірлеудегі басты мақсат — қалалық жол инфрақұрылымын пайдалануға қатысты бірыңғай әрі ашық талаптарды қалыптастыру. Алғаш рет нормативтік деңгейде көше-жол желісінің негізгі элементтері үшін міндетті жөндеуаралық мерзімдер мен кепілдік кезеңдері белгіленді. Бұл орындалған жұмыстардың сапасын бағалауда бірыңғай тәсілді қамтамасыз етіп, мердігер ұйымдардың жауапкершілігін арттыруға және соның нәтижесінде қалалық жолдардың қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді, — деп атап өтті ҚазжолҒЗИ Нормативтік-техникалық қамтамасыз ету департаментінің директорының міндетін атқарушы Фазылжанова А.

Норматив көше-жол желісінің барлық негізгі элементтеріне қолданылады. Атап айтқанда, жол жабындары, көпір құрылыстары, жол белгілері, тосқауыл және жаяу жүргіншілер қоршаулары, сыртқы жарықтандыру тіректері, жол таңбалары, жол жиектері және көшелерді жайластырудың басқа да элементтері қамтылған.

Құжаттағы маңызды жаңашылдықтардың бірі көшелерді салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу кезінде жол жабынының қорғаныш тозу қабатын міндетті түрде төсеу талабы. Бұл қабат жол құрылымын ылғалдың және көлік жүктемесінің әсерінен қорғайды, жабынның мерзімінен бұрын бұзылу қаупін төмендетіп, оның қызмет ету мерзімін ұзартады.

Қысқы кезеңде жолдың тайғақтығын болдырмау және жою мақсатында СТ РК 4036 талаптарына сәйкес келетін көктайғаққа қарсы материалдарды пайдалану көзделген. Бұл ретте көктайғаққа қарсы материал ретінде натрий хлоридін (ас тұзын) қолдануға жол берілмейді.

Құжатта кепілдік мерзімі ішінде орындалған жұмыстардың сапасын бақылауға ерекше назар аударылған. Осы мақсатта жол объектілеріне жоспарлы тексерулер жүргізу қарастырылған. Бұл ақауларды уақтылы анықтауға, олардың пайда болу себептерін белгілеуге және мердігер ұйымдардың кепілдік міндеттемелері шеңберінде оларды жоюын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жаңа ведомстволық нормативтің енгізілуі Қазақстандағы қалалық жол инфрақұрылымын басқару жүйесін жетілдірудегі маңызды қадам болмақ. Бірыңғай талаптар көшелерді пайдалану мен жөндеуге қойылатын тәсілдерді біріздендіріп, орындалатын жұмыстардың сапасын арттыруға, жол нысандарының қызмет ету мерзімін ұзартуға және жол қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін көтеруге ықпал етеді.

Айта кетейік, Қазақстанның республикалық жолдарында орнатылған 136 мыңнан астам жол белгілерінің 97%-ы нормативтік талаптарға сай екені анықталды.