Қалалық депутат декларацияда 600-ге жуық пәтерінің барын көрсетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Киев облысы Ирпень қаласының қалалық кеңес депутаты Игорь Оверко табыстары туралы декларацияда 586 пәтерінің барын көрсеткен.

Бірыңғай мемлекеттік декларациялар тізілімі сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, аталған пәтерлердің 400-ін ол сатып үлгерген, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК-ға сілтеме жасап.

Депутаттың иелігінде 186 пәтер қалып отыр. Оверконың барлық жылжымайтын мүлікті сатудан түскен пайдасы 50 млн гривеньді немесе 1,891 млн АҚШ долларын құрады. Көпқабатты үйлердегі баспанадан бөлек Оверконың меншігінде төрт жер үй мен 18 жер учаскесі бар.

Оверко «Синергия» құрылыс фирмасының басшысы және тең құрылтайшысы болып табылады. Қалалық кеңес депутаты декларацияда көрсеткен жылжымайтын мүліктеріне қатысты түсінік беріп үлгерді және онда ешбір заң бұзушылық жоқтығын мәлім етті.

«Мен өз табысын ашық жариялаған аздаған депутаттардың бірімін. Мен құрылыспен айналысамын және сонда барлық қаражаттарымды саламын», - деді ол.