деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Тарифті жоспарлы өзгерту аясында «ҚЭЖ» АҚ 2009-2011 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама жасады. Аталмыш бағдарлама электр нысандарын жаңарту жөніндегі шараларды қарастыруды, кешендер салуды, электр энергеясын бақылау және есептеудің автоматтандырылған жүйесін енгізуді көздейді. Инвестициялық бағдарламаның жалпы шығыны 3 348,126 мың теңгені құрамақ. «Біз соңғы 3 жылда тарифті көтермегендігімізді атап өткен жөн. Мен тарифтің жоғарлауы орынды деп білемін», - деді «ҚЭЖ» АҚ бас директорының орынбасары Рустам Галимов.
Электр энергиясын тарату тарифы бұрынғыдан 0,87 теңгеге, яғни 1,40 теңгеден 2,17 теңгеге дейін немесе 66,9 пайызға өспек.