Қалалық iKOMEK109 орталығы өтініш қабылдайтын жаңа порталды іске қосты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қалалық iKOMEK109 мониторинг және жедел әрекет ету орталығы және BTS Digital компаниясы өтініш қабылдайтын жаңа aitu.city порталын іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ikomekastana.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның арқасында елорда тұрғындары тек өздерінің ғанаемес, сондай-ақ көпшіліктің де өтініштерінің дәрежесін онлайн тәртіпте бақылайалады.

Аitu.city – бұл тіршілікті қамтамасыз ету, абаттандыружәне қауіпсіздік, сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қызметтері менжұмысы мәселелері бойынша өтініштерді беруге арналған жаңа интернет-алаң. Егербұрын өтініштер мен олардың атқарылу дәрежесін тек өтініш берушілердің өздеріғана көре алса, енді әрбір тұрғын cайтта жарияланған өтініштерді қарап, сонымен қатар оларменәлеуметтік желілерде бөлісе алады. Бұл қала түйткілдеріне көбірек мән беріліп,олардың тиімді шешілуіне ықпал ететін болады.

Қазақстанда бұл бірегей портал болып табылады, онытұтастай қайталайтын ресурс жоқ. Порталды әзірлеу барысында табысты халықаралықтәжірибелерге талдау жүргізілді.

aitu.city қалай жұмыс жасайды:

1-қадам. Өтінішті жіберу – Сіз үлгіні толтырып,суретті тіркейсіз.

2-қадам. Модерация – Өтінім iKOMEK109-дың атқаруынақабылданады және сайтта барлық өтініштердің ортақ тізімінде жарияланады.

3-қадам. Атқарылу дәрежесі – Өтінімнің жай-күйіжөніндегі жаңалықтар e-mail арқылы хабарландырылады, сонымен қатар оны «Меніңөтініштерім» бөлімінде көруге болады.

Қазір портал тек елорда тұрғындарына ғана қолжетімді,алайда болашақта сервисті еліміздің басқа да қалаларында іске қосу жоспарланыпотыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы iKOMEK109миллионнан астам өтініш қабылдады, ал 2019 жылдың басынан бері өтініштер саны920 мыңнан асып үлгерді. Барлық өтінімдер 109 нөміріне қоңырау шалу және басқада байланыс арналары арқылы алынды.

BTS Digital – жаңа өнімдер мен сервистер экожүйесін қалыптастырушыІТ-компания. Толығырақ: https://btsdigital.kz/kz/.

iKOMEK109 – елордада жоғары өмір сүру сапасын қамтамасыз ету үшінқаланың тыныс-тіршілігі мен қауіпсіздігіне мониторинг жүргізетін мемлекеттікұйым. Толығырақ: https://www.ikomekastana.kz/.

Соңғы жаңалықтар