Қалалық «Жайдарман» фестиваліне 40 жаңа команда қатысады

АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Жастар» сарайында Халықаралық студенттер күніне орай жастар арасында қалалық «Жайдарман» фестивалі өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына Жастар саясаты мәселелері басқармасынан хабарлады.

Көңілділер мен тапқырлар қатары жоғары оқу орындары мен колледждердің жаңа 40 командасымен толығады. «Бұл ойын жастар арасында кеңінен таралған. «Жайдарман» фестивалі оларға жаңа мүмкіндіктер береді. Енді ғана студент атанғандарға ерекше көңіл бөлу керек. Себебі, нақ осы контингентті қолдап, өздерінің шығармашылық қабілеттіліктері мен дарындылығын ашуға мүмкіндік беру керек»,- дейді ұйымдастырушылар. «Жайдарманды» еңбек сіңірген өнер қайраткерлері, КВН жұлдыздары, өткен маусымдардың жеңімпаздары, республикалық жоғары, премьер-лига ойыншылары тамашалайды.