«Қалам қуаты» атты 3-ші республикалық журналистік шеберлік байқауы жалғасуда

АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ы мен KAZENERGY қауымдастығы жариялаған қазақстандық журналистердің шығармашылық белсенділігін арттыруды көздейтін «Қалам қуаты» атты 3-республикалық журналистік шеберлік байқауы жалғасуда.

Байқаудың негізгі мақсаты - ҚР мұнай-газ саласының жетістіктеріне жұртшылықтың назарын аудару, Қазақстан мұнай-газ саласы компанияларының ақпараттық ашықтығы бойынша қызығушылығын арттыру, мұнай-газ тақырыбында қалам тербейтін еліміздің БАҚ-тары арасында адал достық бәсекелестікті қолдау, сонымен қатар бірыңғай медиакеңістігі үлгісін жасау болып табылады.

Байқауға республикалық, облыстық және қалалық, аудандық газеттердің редакция ұжымдары, телерадиокомпаниялар, аймақтық және республикалық БАҚ-та жұмыс істейтін жеке ізденушілер - журналистер, (штаттағы және штаттан тыс қызметкерлер), сонымен қатар материалдары жарық көрген не болмаса теле- және радиохабарларында пайдаланылған басқа да авторлар қатыса алады.

Конкурсқа 2011 жылдың 1 қаңтардан 2011 жылдың 20 тамызызына дейін газеттерде және басқа да тіркелген БАҚ-та, сондай-ақ Интернетте жарық көрген, теле-радиода эфирге шыққан материалдар қабылданады. Өтінімдер 2011 жылдың 25 тамызына дейін қабылданады.