деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ұлан байтақ мекені бар қазақ даласында жігерлі жастары бар елдің келешегі жарқын деген ұғым қалыптасқаны белгілі. Сіз, Қазақстан халқына Жолдауыңызда: «Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап Сіздер мен біздер барлық қажыр-жігерімізді жұмсап, еңсесін асқақтатқан жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан-жылға артып отыр», - деген едіңіз. Еліміздің қол жеткен табыстары мен алатын асуларына жастар да өздерінің ерік -күші мен жігер-қайратын сүбелі қосуы басты парыз», делінген үндеуде. Сонымен бірге, форумға қатысушылар еліміздің жеткен жетістіктеріне тоқтала келе, түрлі дәрежеде өткізіліп жатқан шараларға үлкен мән беретіндіктерін алға тартады.
«Жастық жігер мен күш-қайратын ел келешегінің дамуына арнағысы келетін осы жастарымыздың атынан өзіңізге айтар өтініш тілегіміз бар. Осы кезеңге дейінгі жылдар, тарих қойнауында және ел есінде өзіндік ерекшелігімен қалып, өз еншісіне келелі істерді қамтыды. Атап айтар болсақ, «2000 жыл - Мәдениетті қолдау жылы», «2005 - Ауыл жылы», «2006-2009 Денсаулық жылы» деп белгіленіп, көптеген бастамалы істер оң шешімін тауып, қуанарлық нәтиже беруде. Ендігі кезекте алда келе жатқан 2011 жылды - «Жастар жылы» деп белгілеуіңізді өтінеміз», делінген үндеуде.