деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы қаласының энергетикалық кешенін 2015 жылғы кезеңге дамыту және жетілдіру бағдарламасын жүзеге асыру аясында, 2009 жылы «АЖК» АҚ 6 қосалқы стансыны қайта құруды жүзеге асырды, соның бірі «Геологқұрылыс» ҚС.
Қала әкімінің орынбасары Ербол Шормановтың айтуынша, қосалқы стансында орнатылған жаңа қазіргі заманғы жабдық қаланың оңтүстік-батысындағы тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігін біршама арттыруға көмектеседі және Бостандық ауданының тұрғындарын, қаланың әлеуметтік-тұрмыстық, өнеркәсіптік нысандарын үздіксіз электр қуатымен жабдықтауды қамтамасыз етеді. «Қаланы электр қуатымен жабдықтау жұмыстары жалғасын таба бермек, алдымызда әлі көптеген жоспарларымыз бар. Келесі жылы 8 қосалқы стансыны қайта құру және Азилық ойындарды сенімділікпен өткізуге мүмкіндік беретін «Кенсай» мен «Медеу-Шымбұлақ» екі жаңа стансының құрлысын жүргіземіз», дейді Е. Шорманов.
«АЖК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ғани Сәлімжуаровтың айтуынша, «Геологқұрылыс» ҚС транформаторлардың 2Х25 МВА қуаттылығымен 1963 жылы пайдалануға беріліп, нормативтік мерзімінен екі есе артық жұмыс істеп, физикалық және рухани ескірген. Қайта құру кезінде 2х25 МВА трансформаторларын 2х40 МВА-ға ауыстырып, қуаттың артуы 30 МВА-ға жеткен. Сонымен қатар АТҚ-35кВ жабдығы КТҚ-35кВ қазіргі заманғы ұяшығы бар вакумды ажыратқышымен жабық тарату құрылғысына ауысқан. Стансыны қайта құруға «АЖК» АҚ-ның жұмсаған қаражатының жалпы көлемі 1,1 миллиард теңгені құрап отыр.