Қаланың қақ ортасында атып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің солтүстік-шығысында белгісіз біреу ер адамды атып кетті. Қылмыс Седов көшесіндегі №7 үйдің маңында орын алған.

Алған ауыр жарақаттан жәбірленуші сол жерде жан тапсырды. Әзірге тергеушілер оқиға орнынан жеті гильза тапқан.

ИТАР-ТАСС хабарлағандай, РФ ТК Мәскеу қаласы бойынша БТБ өкілі Виктория Цыпленкова «жәбірленушінің бірнеше жерінен оқ тиіп, көптеген дене жарақаттарын алғанын» мәлім етті.

Куәгерлердің айтуынша, екі ер адам өзара әңгімелесіп тұрып, артынша біреуі тапаншасын суырып алып, бірнеше рет атқан. Артынша Mazda автокөлігіне мініп, ізін суытқан.