Қаланың шет аудандарында тұрғындардың 25% тұрады – Алтай Көлгінов

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алтай Көлгінов қаланың шет аударына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Жалпы елордада 16 тұрғын үй алабы бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Елбасы «NurOtan» партиясының XVIII съезінде елорданың шет аймақтарын дамыту бойыншатапсырма берді. Біздің қалада 16 тұрғын үй алабы бар. Онда 280 мың адам тұрады.Бұл қала тұрғындарының 25 % құрайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқаланың шет аудандарын дамытуды тапсырды. Үш жылдық кезеңге нысандардың тізіміәзірленді. Осы бойынша жұмыс жасаймыз», - деді А. Көлгінов.

Қала әкімі шетаудандардың түйіткілді мәселелері 3 негізгі блокқа бөлінгенін атады. Бұл жолжәне инженерлік инфрақұрылым, әлеуметтік нысандардың аздығы, абаттандырумәселелері.

Тұрғындар көшегежарық орнату, жол және жаяу жүргіншілер үшін тротуарлар салу, орталық суқұбырын тарту, жылу беру мәселесін шешу, канализация жүйесін құру мәселелерінкөтерді. Елорда әкімімен кездесу барысында тұрғындар осы аумақта тұратын азаматтардың еш жұмысты жатырқамай,еңбекке жақын екенін айтты.

«Біз осы жердетуып-өстік, білім алдық. Тұрып жатқан ауданымызда өмір сүруге қолайлы жағдайжасалса дейміз. Бұл жерде нағыз еңбексүйгіш азаматтар тұрып жатыр», - дедітұрғындар.

Қаланың шеткеріаймақтарының басты проблемаларының бірі – тұрғындардың 30 % орталық су құбырыжоқ. Өндіріс, Мичурино, Интернациональный, Көктал, Пригородный, Железнодорожныйтұрғын үй алаптарының тұрғындары колонкалардан су алады. Бұған қоса, 698көшенің 245-і тас төселмеген.

Абаттандырубойынша биылғы жылы 6 балалар алаңының құрылысы жүруде, ағаш отырғызу, жылыаялдамалар салу және гүлзарлар салу жұмыстары жүргізілуде. Жылдың соңына дейін42 көшені жарықтандыру, 5 ауланы абаттандыру шаралары аяқталады.

Ильинка жәнеЛесозаводтағы үш ауысымда оқитын екі мектептің мәселесін шешу үшін жобалаужұмыстары басталды.

Қаланың шетаймақтарын дамыту бағыты ағымдағы жылы шілде айының соңында Премьер-Министрдіңтөрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында бекітілді. Осылайша, АлтайКөлгінов бір ай ішінде 9 тұрғын үй алабын аралады.

Соңғы жаңалықтар