Калашников автоматының Қазақстандағы өндірісі неге тоқтап тұр

Фото: tutmnogo.com

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Азамат Бейісбеков Калашников автоматының Қазақстандағы өндірісі неге тоқтап тұрғанын айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Бір жылдары Қазақстанда АК-74 автоматтары өндіріледі деген ақпарат шыққан. Сол қарудың өндірісі біздің елде жолға қойылды ма?» деп сұрады журналист Сенат отырысынан кейін.

Азамат Бейісбековтің айтуынша, Ақмола облысында «Тыныс» деген кәсіпорын автомат өндірісімен айналысқан.

«Сіз айтып отырған өндіріс сол жерде ұйымдастырылды. Алайда қазір белсенді шығарылып жатқан өнім жоқ. Өйткені нарық пен қажеттілік шектеулі» — деді вице-министр.

Сондай-ақ, ол жоспар бойынша зауыттағы өндірістің жергілікті үлесі жыл сайын артып отыру керек болғанын айтады.

«Бірақ, жаңа айтқанымдай, қажеттілік шектеулі. Қазіргі таңда елімзде қару-жарақ экспортына шектеу қойылғанын білесіздер. Сондықтан, өндіріс қазір уақытша тоқтатылды», — деді Азамат Бейісбеков.