Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Наталья Калашникова 1980 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтының филология факультетін, 2000 жылы Мәскеу мемлекеттік кәсіби дайындау академиясын заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Наталья Калашникова саясаттану ғылымдарының кандидаты және докторы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі. Түрлі жылдары Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтында, ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының хатшылығында, Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық бөлімшесі директорының орынбасары, ҚР Президентінің Әкімшілігінде жұмыс жасады.
Сондай-ақ, Наталья Калашникова 80-нен астам ғылыми жұмыстар мен азаматтық қоғамдағы этникааралық қатынастар мәселелері, жастар саясаты мен сайлау технологиялары бойынша жарияланымдардың авторы. «Этникааралық толеранттылықтың қазақстандық үлгісі», «Жалпы саясаттану», «Саяси партиялар мен саяси жүйелер үлгісі», «PR - технологилар» атты оқу жұмыс бағдарламалары мен силлабустарын құрастырған.