АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Ресейдің Ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау федералды қызметі Латвия кәсіпорындарының бірі дайындаған балық шпроттарынан тіпті аз көлемнің өзінде адам өміріне қауіпті бензапирен канцерогенінің шекті рұқсат етілген деңгейден артық екендігін анықтады,
деп хабарлады Ресейдің «Жаңалықтар» агенттігі.
Канцероген Латвияның SIA Randa Klavas кәсіпорны дайындаған балық шпроттарына шекаралық ветеринарлық бақылау жүргізу барысында анықталған. «Зертханалық зерттеу барысында бензапирен канцерогеннің шекті рұқсат етілген деңгейінің артық екендігі анықталды. Бұл Кеден одағы мен Ресей заңнамасы талаптарын бұзу болып есептелінеді. Бензапирен тіпті аз болғанның өзінде адам өміріне қауіпті. Өйткені ол ағзада жиналу қасиетіне ие», - делінген ақпаратта.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.