Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ) басқару жүйесін жаңғырту бағдарламасының жобасын таныстыру кезінде ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.
«Қалдықтарды өңдеу зауыттарында ТҚҚ-ның өңделмейтін бөліктерінен отын өндіру қарастырылып отыр және ТҚҚ-ны көму деңгейін азайту мақсатында оны цемент зауыттары мен жылу электр стансаларына бағыттау мүмкіндіктері ескерілуде», - деді министр.
Сонымен қатар ол тұрмыстық қалдықтардың қауіпті түрлерін кәдеге жарату үшін олар арнайы нысандарға жіберілетінін атап өтті.