Қалған ғұмырын қамауда өткізетін болды

None
КӨКШЕТАУ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Көкшетаудағы ЕЦ-166/24 түзеу мекемесінің қызметкері, әділет лейтенанты Ольга Василевскаяның өліміне қатысты жазасын өтеуші Дмитрий Бурба қалалық сот шешімімен қалған ғұмырын қамауда өткізетін болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оқиға өткен жылдың желтоқсан айында түзеу мекемесінде орын алған. Мекеме қызметкері кешқұрым үйіне келе жатқанда оны жазасын өтеуші ескі қазандық нысаны жанында күштеп тоқтатып, қайырымдылық жасауға анықтама беруін талап еткен. Айтқанына көндіре алмаған қылмыскер 21-ге жаңада толған қызды басынан ұрып құлатып, жансыз денесін қоқыс арасына жасырады. Алайда Бурбаның бұл қылмыстық әрекеті әшкереленіп, ҚР ҚК 13-і бабының 3-ші тармағы бойынша жауапқа тартылды. Түзеу мекемесіне өз аумағында қанды оқиғаның орын алуына қатысты ұйғарым шығарылды.