Тарихи драманың авторы – белгілі жазушы-драматург Думан Рамазан, қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов.
Мемлекет басшысы қойылымды тамашалаған соң туынды авторымен және Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының ұжымымен әңгімелесті.
Президент театр ұжымына шығармашылық табыс тілеп, өнер ордасына ұлттық мәртебе беру жөнінде шешім қабылдағанын айтты.
Тиісті жарлық қазан айында Республика күні қарсаңында жарияланады.