Калифорния билігі суды тұтынуды шектеу туралы жарлық шығарды
03:17, 02 Сәуір 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Калифорния штатының губернаторы Джерри Браун суды тұтынуды 4 есеге дейін азайту туралы жарлық шығарды, деп жазады шетелдік БАҚ.
Бұл - штат тарихындағы осындай алғашқы оқиға.
Айта кетейік, бұл өңірде 4-жыл қатарынан құрғақшылық болып отыр.