Ерекше жүктің штаттың оңтүстігіндегі Дейна-Пойнт қаласынан 20 шақырым жерде жатқандығы жайлы билік өкілдері белгісіз біреу қоңырау шалғаннан кейін білді.
Жексенбі күні болған кең ауқымды операция кезінде осы іске жұмылдырылған шекарашылар, жергілікті округтің шериф басқармасы мен жағалауды қорғау кемесі, құқық қорғау қызметтері заңсыз ақ ұнтақ салынған 160 пакетті жинап алды.