Калифорния жағалауында екі ұшақ соқтығысып қалды

МӘСКЕУ. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат – Екі жеңіл моторлы ұшақ соқтығысып қалды,

олар Американың Калифорния штатының тұсында Тынық мұхитына құлаған болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.Cessna 172 үлгісіндегі бір ұшақтың сынықтары ұшақ ұшып шыққан Лонг-Бич әуе жайынан 8 шақырым жерде табылған. Оның бортында қанша адам болғаны белгісіз. Екінші ұшақ туралы ақпарат жоқ.