Калифорнияда 20 мың адам алтыншы тәулік бойы жарықсыз отыр
20:31, 06 Желтоқсан 2011
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат. Калифорнияда 20 мың адам алтыншы тәулік бойы жарықсыз және жылусыз отыр. Штат билігі әлі күнге дейін 1 желтоқсан күні болған қатты дауыл зардаптарын жойған жоқ. Қала көшелері құлатылған ағаштар мен жарық бағаналарымен үйілген.
Қаладағы жол бойынша қозғалыс шектетілді. Синоптиктер жақын күндері жаңа дауылдың болатынын болжап отыр.