Калифорнияда 22 вагон суға кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Калифорнияның (АҚШ) Өрт күзеті бөлімі Сакраменто аймағында жүк пойызы вагондарының рельстен шығып кеткенін хабарлады. Вагондардың басым бөлігі жергілікті Косамнес өзеніне құлаған, деп хабарлайды БЕЛТА.

Пойыз азық-түлік тасымалдаумен айналысқан және онда барлығы 3 адам ғана болған, олардың ешқайсысы да зардап шеккен жоқ.

Тасымалды жүзеге асырған UnionPacificRailroad компаниясының өкілі қызметкерлерден кешірім сұрап, оқиға кезінде ешкімнің зардап шекпегендігіне қуанатындығын білдірді.

Аталмыш апаттың себеп-салдары анықталуда. Апаттың орын алуына ықпал етуі мүмкін басты себептердің бірі - осы оқиғаға болғанға дейін құлаған дамба болып отыр.