Калифорнияда адамдарға пышақпен шабуыл жасалып, 4 адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Калифорниядағы шабуыл салдарынан төрт адам пышақ жарақатын алды, біреуі көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі NBC News-ке сілтеме жасап.

АҚШ полициясының мәліметінше, дүйсенбі күні таңертең Калифорния штатының Лонг-Бич қаласында белгісіз адам төрт адамды пышақталған.

Зардап шеккендердің бірі – ауруханаға жеткізілген әйел сол жерде көз жұмды. Қалғандары түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Күдіктілердің біреуі оқиға орнында ұсталды, оның қолында пышақ болған.

Шабуыл жасаудағы мақсат белгісіз. Тергеу барысында қылмыскердің баспанасыз екені белгілі болды. Үйдің орташа бағасы 700 мың долларды құрайтын Лонг-Бичтегі тұрғын үй дағдарысы ушығып барады. Ақпан айында қаладағы баспанасыздардың саны 2020 жылмен салыстырғанда көшеде немесе лагерьде тұратындар саны 22 пайызға, көлікте тұратын азаматтар саны 380 пайызға өскен.

Қала әкімшілігінің мәліметінше, қаладағы 10 үйсіз адамның 9-ы Калифорниядан.








Фото: www.nbcnews.com