Калифорнияда әскери ұшақ апат болды, ұшқыштар қаза тапты

АСТАНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат - Калифорния штатында АҚШ әскери-теңіз күштерінің әуе базасына жақын маңда F/A-18 жоюшы ұшағы апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан екі адам қаза болды, деп хабарлайды ВВС телекомпаниясы.

АҚШ Әскери-теңіз күштерінің «Лемур» әуе базасы қолбасшылығының мәлімдеуінше, ұшақ базадан 1 шақырымдай жерде далаға құлаған.

База қолбасшысы Джеймс Кнаптың мәліметі бойынша, ұшақ жаттығу кезінде апат болған: ұшқыш пен қару жүйесінің операторы қаза тапқан.

Фресно округінің өкіметі ұшақ апаты салдарынан екі адамның қаза болғанын қуаттағанымен, оқиғаның мән-жайы туралы хабарлаудан бас тартты.

Los Angeles Times басылымының хабарлауынша, жер бетінде зардап шеккендер жоқ.