Калифорнияда белгісіз біреу төрт адамды пышақтап, тағы екеуін жарақаттады

Фото: None
ЛОС-АНДЖЕЛЕС-НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні кешке Калифорния штатында болған қантөгістің салдарынан төрт адам көз жұмды, тағы екеуі жараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат USA Today-ге сілтеме жасап.

ПолицияЛос-Анджелестің оңтүстік-шығысында орналасқан көршілес Гарден-Гроув және Санта-Анақалаларында екі сағаттың ішінде бірнеше адамға шабуыл жасады деген күдікпен 33жастағы ер адамды тұтқындады.

Гарден-Гроув қалашығыполициясының мәліметінше, күдікті адамдарды тонамақ болып бас салған. Полиция қаскөйдіСанта-Ана қаласында ұстады. Мұнда ол дүкеннің күзетшісін өлтірген. Калифорнияштатының билігі күдіктінің ізіне оның сұр түсті «Мерседес» көлігінің жүргенжерін анықтау арқылы түсіп, дүкен жанындағы тұрақтан тапқан.

Полиция қызметкерлеріер адамның өте ашулы болғанын және көп адамға шабуыл жасағанын айтты.

Полицияға ең алғашқы қоңыраупәтерден түскен. Онда ұры түсіп, бір адам жараланғаны хабарланған. Күдіктіпәтер тонаған тұрғын үйде тағы екі адамды өлтірген. Екеуінің бірі балконнан пышақталғанкүйінде табылса, екіншісі ауруханада көз жұмды.

Алайда күдікті мұныментоқтап қалмаған. Ол тоқаш сататын дүкенді, чекті қолма-қол ақшаға айналдыратын компанияны,сақтандыру компаниясын тонап, банкте әйел адамға бірнеше рет пышақ сұққан.

Сондай-ақ, қылмыскер жанармай құю стансасында ер адамды бассалып, мұрнын кесіп ала жаздаған. Жанармай құю бекетінің маңындағымейрамхананың қызметкері де күдіктінің тағы бір құрбанына айналды.

Полиция барлық зардап шеккендер мен күдікті латынамерикалықазаматтар екенін растады.

Соңғы жаңалықтар