деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
АҚШ-тың Геологиялық қызметінің ақпараты бойынша жерасты дүмпуі 6,5 баллды құраған, ал оның кіндігі Ферндейл қаласынан солтүстік-батысқа қарай 35 шақырым қашықтықта, 16 шақырым тереңдікте орналасқан. Одан кейінгі дүмпулер 4,5 баллдан аспаған.
Жергілікті биліктің есебі бойынша оқиға салдарынан жағалаудағы аумақтардың 25 мың тұрғыны жарықсыз қалған.
Құрбан болғандар мен қирандылар туралы мәлімет жоқ.