Оқиға жексенбі күні Мексикамен шекараға жақын Сан-Диего аймағында орын алған.
Қос моторлы Sabreliner ұшағы мен бір моторлы Cessna 172 Сан-Диегодағы Браун Филд әуежайына қону кезінде соқтығысып қалған. Соғылған екі ұшақ жерге құлап, от ала бастаған.
Әуе апатынан 4 адам көз жұмды. Ұшақтардың ішінде болған адамдардың саны анықталып жатыр.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жалын алған аймақты 1 сағат ішінде ауыздықтаған. Өрт сөндіру кезінде бір адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды.