Калифорнияда ұшақ апатқа ұшырады

Фото: Report

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ әуе күштерінің F-16 жойғыш ұшағы Калифорния штатының Сан-Бернардино округінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды Report.

Оқыс оқиға округке жақын Трон әуежайының жанында болды. Ұшқыш жарақат алған.

Әзірге апаттың нақты себебі анықталған жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың әскери қызметкерлері тікұшақ апатынан қаза тапқаны туралы жазған едік

Сондай-ақ Түркия Грузиядағы ұшақ апатынан кейін C-130 рейсін тоқтатқаны туралы жаздық.