Калифорнияда күші 5,4 балдық жер сілкінісі болды

None
АСТАНА. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат - Бейсенбіге қараған түні америкалық Калифорния штатының оңтүстік бөлігінде 5,4 магнитудалы күшті жер сілкінісі болды,

деп хабарлайды Утро.ру агенттігі АҚШ Геологиялық қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жерасты сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 16:53-те тіркелген. Сейсмологтардың мәліметтеріне қарағанда, жер сілкінісінің кіндігі Палм-Спрингс қаласынан 45 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 11,7 шақырым тереңдікте. Қаза тапқандар мен үйлердің бұзылғандығы туралы ақпарат әзірге келіп түскен жоқ.