Құрбан болғандар туралы алғашқы ақпараттар келіп түсуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тілсіз жауды ауыздықтау бірнеше сағатқа созылды, деп хабарлайды newsru.com.
East Bay Times өңірлік басылымы құрбандар туралы алғашқы мәліметтерді жариялады: 9 адам мерт болды, тағы 13-і із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Кейінірек, KTVU телеарнасы 25 адамның іздестіріліп жатқаны туралы хабарлады.
Өрт жергілікті уақыт бойынша сенбіге қараған түні Оклендтің 31-інші авенюында түнгі клубтың қойма ғимаратында орын алды. Полицияның есебінше, оқиға кезінде ғимаратта 50-ден 100 адамға дейін болған. Онда орындаушы Golden Donna-ның концерті өтіп жатқан.
Оклендттің өрт сөндірушілерінің жұмысы туралы айтып отыратын бейресми твиттер-аккаунтта жазылғандай, жалын шатыр арқылы ішке ене бастағанда құтқарушы командалар ғимараттан дереу шығарылған. Округтің шерифі Аламед Джей Ди Нельсонның айтуынша, олар 40-қа жуық адамның денелерін қабылдауға әзірленіп жатыр. Оның бағалауынша, бұл 1989 жылы болған жер сілкінісінен кейінгі адам өлімі бойынша ең ірі оқиға. Ол кезде 63 адам көз жұмып, 3700-ден астамы зардап шеккен болатын.
31st Ave- #oakland @KTVU @kron4news @CBSSF @abc7newsbayarea @allaboutgeorge pic.twitter.com/OecGgnuF6s
— Oakland Firefighters (@OaklandFireLive) 3 декабря 2016 г.