Штат басшылығының хабарлауынша, Лос-Анджелес қаласының солтүстігінде басталған өрт көлемді аумақты қамтып үлгерген. Ал оның түтінінің қоюлығы сонша, кейде күннің өзі көрінбей қалады.
Ұлттық парктің 400-ге жуық экзотикалық аңдары, оның ішінде бенгал жолбарыстары қауіпсіз жерге көшірілді.
Өртті сөндіруге жүздеген өрт сөндіруші, тікұшақтар мен ұшақтар жұмылдырылды.
Би-Би-Си арнасының айтуынша, бірнеше жылдық құрғақшылықтың кесірінен, Калифорнияда биыл орман өрттері көбейген.