Плейсер округінде кем дегенде 2 400 адам үйін тастауға мәжбүр болған, Невада округінде тағы 4 200 адам эвакуацияланған.
Екі округте де эвакуация орталығы жасақталды.
Плейсер мен Невадада 1 400 акр (566 гектар) жер күйіп кеткен. Диксиде 160 шақырымға жуық жердегі өрт жалғасуда. Ондағы жалын 278 мың акр жерді шарпыған. Өрт басталған кезден бергі үш апта ішінде аумақтың тек 35%-ында ғана тілсіз жау ауыздықталған.