Олар оның қолындағы ойыншық автоматты шын деп қабылдаса керек. Бұл туралы KTLA телеарнасы хабарлады.
Оқиға сейсенбіде Санта-Роса қаласында орын алды. Онда шерифтің көмекшілері қолында автоматы бар балаға тоқтауды сұраған. Лейтенант Деннис О'Лиридің сөзіне қарағанда, қаруды таста деген бұйрық бірнеше рет айтылған, кейін тәртіп сақшылары баланы атқан.
Автомат ойыншық болып шықты. Сондай-ақ қаза болған баланың қалтасынан ойыншық пласмасса тапанша да табылды.
Қайғылы оқиғаны полиция тергеп жатыр. Офицерлер қызметтерінен босатылды. Алайда бостандықта жүр.