АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Калифорния штатында полиция қызметкерлері бастауыш мектеп кабинетінде мұғаліммен бірге бекініс жасаған ер адамға оқ жаудырды, деп хабарлайды ABC News телеарнасы.
Бұған дейін Риверсайд округінде оқушылардың бірінің ата-анасы мұғаліммен бірге кабинет есігін жауып алғаннан кейін, оқушылардың мектептен эвакуацияланғаны хабарланған болатын. Оқушылар ата-аналарына табысталды.
Телеарна мәліметінше, полиция қызметкерлері ер адамды атып, жаралаған. Содан кейін ауруханаға жеткізген.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.