Калифорнияда шағын ұшақ тұрғын үйге құлады
09:49, 11 Маусым 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Калифорния штатында Хоторн қаласында екі қабатты тұрғын үйге шағын ұшақ құлап, екі адам қаза тапты, деп хабарлады ABC7 телеарнасы жергілікті полицияға сілтеме жасап.
Лос-Анджелес округінің өрт қызметі апат орнында құлаған ұшақ ішінде екі адамның мүрдесі болғанын мәлімдеді. Тұтанған өрт сөндірілді, деп хабарлады РИА Новости .