Ұшу аппараттарының екеуі де оқиғадан кейін жерге қона алды, ешкім зардап шеккен жоқ.
Шетелдік БАҚ журналистерінің мәліметтері бойынша, келеңсіз жағдай Оклендтен солтүстік-шығысқа қарай 80 шақырым жерде болған. Алты орындық Beechcraft Bonanza ұшағы мен екі орындық Robinson R22 тікұшағының соқтығысуы туралы деректер әзірше жоқ. Алайда ұшақтың Байрон әуежайының маңында, ал тікұшақтың егістікке қонғаны туралы белгілі болып отыр.