CARB «Жетілдірілген таза автомобильдер II» (Advanced Clean Cars II) жоспарына сәйкес, 2035 жылдан кейін сатылатын барлық жаңа автомобильдердің шығарындылары нөл болуы керек.
Бұл шара бензинмен және дизель отынымен жүретін көлік құралдарының санын азайту үшін кезең-кезеңімен енгізіледі.
Сонымен, 2026 жылы сатылатын жаңа автомобильдердің 35%-ы, 2028 жылға қарай 51%-ы, 2030 жылға қарай 68%-ы және 2035 жылға қарай 100% аккумуляторлардан немесе сутектен қуат алуы керек. Сонымен бірге, 2045 жылға қарай шығарындылары нөл болатын орта және ауыр жүккөтергіш автомобильдерін жолға шығару жоспары да бар.
Автомобиль инновациялары альянсының мәліметтері бойынша, Ford компаниясы электр көлігін өндіруде штат жоспарын қостайды. Компанияның тұрақты даму жөніндегі директоры Боб Холикросс 2026 жылға қарай электрлі көліктер мен аккумуляторларға 50 миллиард доллардан астам қаражат салуға ниетті екенін айтты.
Қазір Калифорния штатында көлік секторы ауадағы газдардың тең жартысын шығарып отыр.
Фото: www.npr.org