Калифорнияда жер сілкінді

АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Американың Калифорния штатының солтүстігінде 4,3 балдық қуатпен жер сілкінісі болды.

АҚШ-тың геологиялық қызметінің ақпаратынша, жер сілкінісінің кіндігі Форт-Брэгг қаласынан солтүстік-батысқа қарай 5 шақырым жерде, 8,6 шақырым тереңдікте болды. Әзірше қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәліметтер жоқ.

 Естеріңізге сала кетейік, 30 мамыр күні американдық Калифорния штатындағы Малибу шипажайының оңтүстік-шығысына қарай 48 шақырым жерде 4 балдық жер сілкінісі болып, дүмпулер кіндігі Канал архипелагының жағадағы аймағында 0,1 шақырым тереңдікте орналасқан еді.