Керн округінің аумағында Риджкрест қаласы орналасқан (халық саны 28 мың адам). CNN телеарнасы бұған дейін хабарлағандай, Риджкрест мэрі Пегги Бриден қалада жер сілкінісінен кейін өрт шыққанын айтқан. Өрт газ құбырының зақымдалуы салдарынан шығуы мүмкін.
Өрт сөндіру қызметінің өкілдері Twitter-де тікелей эфирден көрсетілген баспасөз мәслихатында мәлім еткендей, өрт кезінде бірнеше адам жеңіл жарақат алған. Қаза тапқандар туралы ақпарат әзірге түскен жоқ. Риджкрест ауруханаларының бірінде эвакуация жүргізілді. 15 науқас басқа емдеу мекемесіне ауыстырылды.
Бұл ширек ғасыр ішіндегі осы штаттағы ең күшті жел сілкінісі, деп атап өтті Los Angeles Times газеті.