Калифорнияда жолбарыс зообақ қызметкеріне шабуыл жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Палм-Бичте (Калифорния штаты) Малай жолбарысы жануарды номерге дайындаған зообақ қызметкеріне шабуыл жасады. Зообақ қызметкері Стэйси Конвайзер (Stacey Konwiser) алынған жарақаттар салдарынан мерт болды, деп хабарлады Sun Sentinel.

Шабуыл жасаған жануарды өлтірді. Зообақ әкімшілігі жолбарыс баққа келушілерге қауіп төндірмеді, өйткені оқыс оқиға олар бара алмайтын аймақта орын алғанын айтты.

1950 жылдары ашылған Палм-Бич зообағы тарихында Конвайзердің өлімі қайғылы аяқталған алғашқы оқиға болып отыр.