Оқиға жексенбі күні таңертең болған. Зардап шегуші ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, бірнеше адам оқ атқан.
07:19, 24 Қаңтар 2022
Калифорниядағы атыс кем дегенде 4 адамның өмірін қиып кетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Калифорния штатында Инглвуд қаласындағы үй кешінде болған атыс кезінде кем дегенде төрт адам қаза тауып, тағы бір адам жараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CBS телеарнасының жергілікті бөлімшесіне сілтеме жасап.