«Өкінішке қарай, консулдық (Мексиканың) қызметкерлері қазіргі уақытта 10 мексикалықтың қаза тапқанын растады. Біз зардап шеккендерге көмек көрсету үшін билік өкілдерімен (АҚШ-тың) тығыз серіктестік орнатамыз», делінген хабарламада.
Калифорнияның оңтүстігінде қиыршық тас тасымалдап бара жатқан жүк көлігі 27 жолаушысы бар жол талғамайтын көлікпен соқтығысқан. Оқиға орнында 14 адам мерт болды, тағы бір азамат ауруханада көз жұмды. Зардап шеккен басқа азаматтар ауруханаға жатқызылды, кейбірінің жағдайы ауыр.