Калифорниялық Пасадина қаласында 128-ші рет жыл сайынғы раушан шеруі өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбіде Пасадина қаласында (Калифорния штаты) жыл сайынғы раушан шеруі өтті. Бірнеше жүз мыңдаған адам жауын-шашын, суық ауа райына қарамастан шеруді тамашалады.

Құқық қорғау органдарының мыңнан астам қызметкері тәртіпті қадағалады. Барлық қиылыстарға қоршаулар қойылды. Билік өкілдерінің хабарлауынша, ешқандай оқыс оқиға тіркелген жоқ.

Алғашқы Раушан шеруі Пасадинада 1890 жылы 1 қаңтарда өткен. Оны жергілікті аңшылық клубының мүшелері ойлап тауып, ұйымдастырған. Содан бері салтанатты шараны жаңа жылдың алғашқы күні өткізу дәстүрге айналды. Шараны теледидардан ондаған миллион американдықтар мен күллі әлем көрермендері тамашалайды.