Калифорнияның мыңдаған тұрғындары баспаналарын тастап кетуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Табиғи өрттің салдарынан американдық Калифорния штатының 30 мыңға жуық тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді.

Сан-Диего қаласында ондаған гектар жерді өрт шарпыды. Ал Карлсбад қаласының билігі бірнеше мың үйлердің тұрғындары мен кеңселердің қызметкерлерін, сондай-ақ бірнеше мектептің оқушыларын көшірді. Шаһарды электр энергиясымен қамтамасыз етуде қиындықтар туындауда.

Бұл өрттің тез таралуына қатты жел ықпал етуде, деп жазады шетелдік БАҚ.