«2009 жылы түсірілген Қалила Омаровтың «Алашорда» деректі фильмінде көрнекті ғалымдар, мемлекет, қоғам қайраткерлері, тарихшылар мен жазушылар Алаш автономиясының құрылуы мен Алаш қозғалысының 1905 жылдан бергі қоғамдық-саяси қызметі туралы баяндайды.
Тарихнамалық материалдар сол дәуірдің бейнесі мен кейбір аңызға айналған тұлғалардың тағдырын көпке беймәлім қырынан ашады», делінген «Қазақфильмнің» Instagram -дағы парақшасында.
Еске сала кетсек, 1917 жылдың 12 желтоқсанында, Орынбор қаласында өткен 2-жалпықазақ съезінде Алаш Орда үкіметін құрылғаны жарияланған болатын. Жалпықазақ съезі 5-13 желтоқсан аралығында өтті. Либералды демократизм, қазақ халқының мүддесін қорғау - Алаш партиясының саяси платформасын өзгелерден гөрі биікке көтеріп тұрды.